Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88    Call-центр: +7 (727) 272 48 32 , +7 (727) 261 32 39
КР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК
Ресми интернет-ресурс

Әкімшілік

Дәулет Мұхаметқалиұлы Байпейісов

Дәулет Мұхаметқалиұлы Байпейісов

Бас директордың стратегиялық даму жөніндегі орынбасары
Қамар Самалбекқызы Дәулетова

Қамар Самалбекқызы Дәулетова

Бас мейіргер
Наталья Николаевна Логачева

Наталья Николаевна Логачева

Аға дәрігер
Әйгерім Ермаханқызы Жүсіпәлиева

Әйгерім Ермаханқызы Жүсіпәлиева

Бас бухгалтер
  • Дәулет Мұхаметқалиұлы Байпейісов
  • Қамар Самалбекқызы Дәулетова
  • Наталья Николаевна Логачева
  • Әйгерім Ермаханқызы Жүсіпәлиева
  • Дәулет Мұхаметқалиұлы Байпейісов

    Білімі мен біліктілігі:

    «Емдеу ісі» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, Семей мемлекеттік медиицна академиясы (1997 ж.). Денсаулық сақтаудағы менеджмент бойынша дипломға дейінгі даярлық.

    Іскерлік әкімшілендіру магистрі (денсаулық сақтаудағы менеджмент), Almaty Management University (2015 ж.).

    Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғары біліктілік санаты бар.

    «ҚР денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен марапатталған (2014 ж.).

    Біліктілікті арттыру:

    - «Алмастырушы терапияны азаматтық және пенитенциарлық секторда пайдалану», Испания, Барселона қаласы, қазан 2016 ж.;

    - «Радиациялық онкологияның жоғары технологиялық орталықтарын жұмысын ұйымдастыру», UPMC, Питтсбург, АҚШ, қазан 2013 ж.;

    - «Халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі скринингтік бағдарламалар мен қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру». Денсаулық сақтау және әлеуметтік әл-ауқат ұлттық институты, Хельсинки қаласы, Финляндия, мамыр 2012 ж.;

    - «Аурухана менеджменті», Сеул қаласы, Оңтүстік Корея, қараша-желтоқсан 2010 ж.;

    - «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу», Алматы қаласы, қыркүйек 2009 ж.;

    - «Аккредитация элементтерімен медициналық қызметтердің сапасына ішкі аудитті ұйымдастырудың таңдаулы мәселелері», Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі, Алматы қаласы, сәуір 2009 ж.;

    - «Аурухана ісінің менеджменті», Рабин атындағы медицина орталығы, Израиль мемлекеті, қараша-желтоқсан 2006 ж.

  • Қамар Самалбекқызы Дәулетова

    «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша Қызылорда медицина училищесі, 1992 ж.

    «Психолог» мамандығы бойынша «Дарын» әлеуметтік-гуманитарлық инстиуты, 2005 ж.

    «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриатта Республикалық жоғары медицина колледжінде 2016 жылдан бастап білім алуда.

    Жалпы медицина өтілі – 24,5 жыл.

    Жоғары біліктілік санаты бар.

    Біліктілікті арттыру:

    - «Инфекциялық бақылаудың өзекті мәселелері», 108 сағат, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің медицина факультеті, 2016 ж.;

    - «Медициналық ұйымда мейіргерлік қызметті құқықтық реттеу», 54 сағат, Қазақ ұлттық университеті қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің медицина факультеті, 2017 ж.

  • Наталья Николаевна Логачева

    Жоғары біліктілік санаттағы психиатр-дәрігер, тәуелсіз сарапшы. Орталықтың құрылымдық бөлімшелері арасындағы жұмысты үйлестіруді жүзеге асырады, емдеу-диагностикалық қызметті жоспарлау жөніндегі ұйымдастырушылық жұмысты үйлестіреді, пациенттерге көрсетілетін мамандандырылған көмектің тиімділігін арттыру үшін медицина персоналы жұмысының қазіргі түрлері мен әдістерін жетілдіру және жаңасын енгізуді қамтамасыз етеді, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруды, олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

    Психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін адамдар қауымдастығының мүшесі болып табылады.

    Білімі және біліктілікті арттыру:

    «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Қырғыз мемлекеттік медицина институтын 1979 жылы тәмамдаған. «Психиатрия» мамандығы бойынша интернатурада алғашқы маманданудан өткен.

    Жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, психиатрия, наркология, сот-психиатриялық сараптама, тәуелсіз сараптама бойынша постдипломдық даярлық курстарында үнемі білімін жетілдіріп отырады.

    Психиатрия сласында 50-ге жуық ғылыми-практикалық мақалалары бар, психикалық бұзылушылығы бар пациенттермен практикалық клиникалық жұмыс тәжірибесі жоғары. Психиатрия, наркология, сот-психиатриялық сараптама мәселелері бойынша doctor.kz ресурсы арқылы консультация беруді белсенді жүзеге асырады.

  • Әйгерім Ермаханқызы Жүсіпәлиева

    Білімі мен біліктілігі:

    «Математика мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары білім – Халықаралық қазақ-түрік университеті, математика факультеті, 2006 ж.

    «Есеп және аудит» мамандығы екінші жоғары білім, Каспий қоғамдық университеті, экономика және бизнес факультеті, 2016 ж.

    Біліктілікті арттыру:

    - «Даму жоспары және Даму жоспарының орындалуы туралы жаңа форматтағы есеп», 18 сағат, Алматы қаласы;

    - «Әлеуметтік-еңбек саласында қаржы-шаруашылық қызметті жүргізу», 40 сағат, Астана қаласы.

    Жұмыс тәжірибесі:

    - 2007-2008 жж. «Казкоммерцбанк» АҚ сату бөлімінің маманы;

    - 2009 ж. қазаннан бастап ҚР ДСМ «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында (СЭСМҒПО) инженер-программист;

    - 2010 ж. шілдеден бастап СЭСМҒПО-ның экономика және жоспарлау бөлімінде экономист;

    - 2010 ж. қазаннан бастап СЭСМҒПО-ның экономика, жоспарлау және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің меңгерушісі;

    - 2011 ж. сәуірден бастап ҚР ДСМ «Мүгедектерге арналған республикалық клиникалық госпиталь» РМҚК-нің (ОСМРКГ) мемлекеттік сатып алулар жөніндегі маманы;

    - 2012 ж. сәуірден бастап ОСМРКГ-де бас экономист;

    - 2014 ж. бастап «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК (РППНҒПО) экономист;

    - 2015 ж. қаңтардан бастап РППНҒПО бас экономист;

    - 2017 ж. шілдеден бастап бүгінгі уақытқа дейін «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК-нің бас бухгалтері.

  • Дәулет Мұхаметқалиұлы Байпейісов
  • Қамар Самалбекқызы Дәулетова
  • Наталья Николаевна Логачева
  • Әйгерім Ермаханқызы Жүсіпәлиева