Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88    Call-центр: +7 (727) 272 48 32 , +7 (727) 261 32 39

Тіліңізді таңдаңыз

КР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК
Ресми интернет-ресурс

ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің басшысы лауазымына бос орын жариялайды.

ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің басшысы лауазымына бос орын жариялайды.

Біліктілік талаптары қоса беріледі. Барлық мүдделі тұлғаларды өздерінің түйіндемелерін «Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің басшысы» деген белгімен Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. пошта мекенжайына жіберуге шақырамыз.

Құжаттарды тапсыру мерзімі 2026 жылғы 01 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-ге дейін.

Алдын ала іріктеуден өткен кандидаттар әңгімелесуге шақырылады.

Қосымша ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: +7 (727) 261-65-25.

 

Жұмыс орны: Алматы қ.

Жұмыспен қамту: толық.

Біліктілік талаптары:

1. Білімі – жоғары

2. Жұмыс өтілі – 10 жыл.

Лауазымдық міндеттері:

Ұйымдағы сапа менеджментін дамытудың жалпы тұжырымдамасын қалыптастыруға, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға байланысты мәселелер бойынша сертификаттау, стандарттау, лицензиялау және консалтингтік фирмалармен өзара іс-қимыл жасауға қатысады.

 Сапасыз емдеуден пациенттердің қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.

Медициналық көрсетілетін қызметтердің оңтайлы қолданылуына және дәрі-дәрмек терапиясының тағайындалуына мониторинг пен бақылау жүргізеді, медициналық қызмет көрсету сапасына сараптама жүргізеді және денсаулық сақтау ұйымында сараптама қызметін ұйымдастырады.

 Медицина персоналын ынталандыру жүйесін әзірлеуге қатысады, медициналық қызмет көрсету сапасының индикаторларын айқындайды, медицина персоналдың сапаны арттырудағы үлес деңгейін бағалайды.

Қанағаттану тұрғысынан пациенттерге сауалнама жүргізеді, пациенттердің шағымдарын басқарады.

Тәуекелдер жүйесін енгізу және басқару.