Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88    Call-центр: +7 (727) 272 48 32 , +7 (727) 261 32 39

Тіліңізді таңдаңыз

КР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК
Ресми интернет-ресурс

ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК акушер гинеколог дәрігері лауазымына бос орын жариялайды.

ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК акушер гинеколог дәрігері лауазымына бос орын жариялайды.

Біліктілік талаптары қоса беріледі. Барлық мүдделі тұлғаларды өздерінің түйіндемелерін «Акушер гинеколог дәрігері» деген белгімен Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. пошта мекенжайына жіберуге шақырамыз.

Құжаттарды тапсыру мерзімі 2026 жылғы 01 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-ге дейін.

Алдын ала іріктеуден өткен кандидаттар әңгімелесуге шақырылады.

Қосымша ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: +7 (727) 261-65-25.

 

Жұмыс орны: Алматы қ.

Жұмыспен қамту: толық.

Біліктілік талаптары:

1. Білімі – жоғары

2. Жұмыс өтілі – 5 жыл.

Лауазымдық міндеттері:

Науқасты қадағалап-қарау тактикасын, оны зерттеп-қарау жоспарын анықтайды.

Өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық, дәрілік ресурстарға, сондай-ақ оларды сақтауға дербес жауапты болады.

Емдеуді тағайындайды және бақылайды, қажетті диагностикалық, емдік, оңалту және профилактикалық процедуралар мен іс-шараларды ұйымдастырады немесе дербес жүргізеді.

Пациентке емдеу әдістері мен тәсілдерін, сондай-ақ қолданылатын құралдар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды таңдау мүмкіндігі туралы хабарлайды.

Науқасты қарап-тексереді, емделушінің жай-күйіне байланысты емдеу жоспарына өзгерістер енгізеді және қосымша зерттеп-қарау әдістерінің қажеттілігін айқындайды.