Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88    Call-центр: +7 (727) 272 48 32 , +7 (727) 261 32 39
КР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК
Ресми интернет-ресурс
2025 жылғы 21-22 тамыз күндері Алматы қаласында «Қазақстан Республикасындағы жастар арасындағы суицидтің алдын алу мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

2025 жылғы 21-22 тамыз күндері Алматы қаласында «Қазақстан Республикасындағы жастар арасындағы суицидтің алдын алу мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

2025 жылғы 21-22 тамыз күндері Алматы қаласында «Қазақстан Республикасындағы жастар арасындағы суицидтің алдын алу мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
📌 Конференцияны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Семей медицина университеті және Психикалық денсаулық саласы мамандарының қауымдастығы бірлесе ұйымдастырды.
🔹 Конференцияға Қазақстан, Ресей, Литва, Жапония, Ұлыбритания, Қырғызстан және Өзбекстанның жетекші сарапшылары мен ғалымдары да қатысты.
📌 Конференция бағдарламасы:
✔ ҚР ДСМ өкілдерінің, жетекші ғалымдар мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен өткен пленарлық отырыстар;
✔ превенцияның медициналық, психологиялық, әлеуметтік және мәдени аспектілеріне арналған 30-дан астам ғылыми баяндама;
✔ суицидтік тәуекелді бағалау бойынша тренингтер мен мультидисциплинарлық өзара іс-қимылға арналған мастер-кластар;
✔ Қазақстандағы психикалық денсаулық жүйесін дамыту перспективалары жөніндегі пікірталастар мен дөңгелек үстелдерді қамтыды.
🔹 Конференция барысында жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу стратегиялары, медициналық және білім беру ұйымдарының, отбасының және цифрлық технологиялардың психикалық денсаулықты сақтаудағы рөлі мәселелері талқыланды.
🔹 Конференция «Пресуицидтік ұстанымдар кешенді индикатор және мониторинг объектісі ретінде» атты 2024-2026 жж. арналған ғылыми-техникалық бағдарлама (ЖТН BR24993083) аясында өтті.
📑 Қорытындысында дағдарыс жағдайындағы жастарға көмектің қолжетімділігін арттыруға, жаңа мониторинг әдістерін дамытуға және мультидисциплинарлық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Конференцияның Резолюциясы қабылданды.
🎯 Негізгі мақсат - мамандардың күшін біріктіру, тәжірибе алмасу және Қазақстан жастарының психикалық денсаулығын нығайтуға арналған тиімді тәсілдерді әзірлеу - сәтті жүзеге асырылды.
📺 Конференцияның толық жазбасын мына сілтеме арқылы көруге болады: https://plvideo.ru/watch?v=lCl-tYcGnKnX