Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88    Call-центр: +7 (727) 272 48 32 , +7 (727) 261 32 39
КР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК
Ресми интернет-ресурс

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне қазақ тілін оқыту технологиялары

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тіл саясаты басқармасының қолдауымен 2025 жылғы 10 маусымда Алматы қаласында «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ-да офф-лайн/он-лайн режимде (тікелей трансляция) «Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне қазақ тілін оқыту технологиялары» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау жүйесінде тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде іске асырылды. Іс-шараның мақсаты медициналық мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту тәжірибелерімен бөлісу, сондай-ақ заманауи технологиялар арқылы әдістемелік қолдауды кеңейту, мекеме қызметкерлерінің мемлекеттік тілде құжат жүргізу мәселесін талқылау, тіл мамандарының тәжірибе алмасуы және қарым-қатынас жасауы үшін алаң құру болды.

Семинарға медициналық мекемелердегі мемлекеттік тіл мамандары, курс оқытушылары және мемлекеттік тілді дамытумен айналысатын саланың мамандары қатысты.

Семинар барысында мемлекеттік тілді дамыту бойынша ұсынымдар беріліп, мемлекеттік тілді оқыту ерекшеліктері талқыланды. Тіл үйретуде кәсіби бағдарлы мәтінді тиімді пайдалану, медицина мамандарына қазақ тілін кәсіби бағытта деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері, мемлекеттік тілді жас ерекшелігіне қарай оқытудың тиімділігі туралы баяндамалар тыңдалды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша берілген ұсынымдарға сәйкес жұмыстар алдағы уақытта атқарылатын болады.